WikiLeaks-тің ресейлік нұсқасы Рунеттен орын таппады
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - WikiLeaks әшкерелеу сайтының ресейлік нұсқасы RusLeaks-тің құрушылары жобаны жабу жөнінде шешім қабылдады.
QIP.RU хабарлағандай, түрлі ведомстволардың жабық мәліметтер қоры ашық түрде ұсынылған, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының телефон нөмірлері көрсетілген RusLeaks ресурсының барлық: rusleaks.com, rusleaks.net, rusleaks.org - мекен жайлары оқырмандар үшін жабық болған.
Мұндай шешім қабылдауға «құрылу мақсатының жүзеге аспай қалуы» себеп болған, бұл жөнінде сайтқа оның негізін қалаушылар өздері жазған. Олар сонымен қатар жобаға қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс білдіріпті.
RusLeaks елдегі жемқорлықпен күресу мақсатында құрылған. Негізін қалаушылардың алдын ала ойластыруы бойынша, жемқорлыққа қарсы тұрудың басты амалдары ретінде сайтқа орналастыру кезінде құпия ақпараттың бір бөлігін ашық қалдыру керек болатын.