World Boxing рейтингінде қазақстандық 4 боксшы көш бастады

АСТАНА.KAZINFORM - Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық салмақта жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады.

Сабырхан
Фото: Қазақстан ҰОК

Бұл рейтингте қазақстандық спортшылар төрт салмақта көш басына шықты. Ал қалған бес салмақта өзбекстандық былғары қолғап шеберлері бірінші орынға жайғасқан.

Қазақстан құрамасы сапынан төмендегі боксшылар бірінші орында тұр.

50 келі. Санжар Ташкенбай (1650 ұпай);

55 келі. Махмуд Сабырхан (1650 ұпай);

70 келі. Төрехан Сабырхан (1500 ұпай);

90 келі. Айбек Оралбай (2025 ұпай).

Өзге дивизионда қазақстандық боксшылар төмендегі орындарда келеді.

65 келі. Ертуған Зейнуллинов (6-орын);

75 келі. Сабыржан Аққалыков (11-орын);

80 келі. Нұрбек Оралбай (2-орын);

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы (5-орын);

90 келі. Сағындык Тоғамбай (8-орын).

Еске салсақ, бұдан бұрын IBA нұсқасы бойынша өтетін бокстан әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер баратыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар