World Indoor Tour Gold сериясының турнирі алғаш рет Астанада өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Астанада Азия құрлығында Алтын деңгейдегі жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді.

турнир
Фото: yandex.kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 7 қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:

Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200м жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай – ақ 100м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.

Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты
Ұқсас жаңалықтар

Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты