World Marathon Majors-тың Нью-Йорк пен Берлиндегі кезеңдері өтпейтін болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі марафон болып саналатын Нью-Йорк пен Берлиндегі World Marathon Majors кезеңдері 2020 жылы өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың тоқтатылуына коронавирус пандемиясы себеп болған.
Марафон ұйымдастырушыларының айтуынша, қазіргі таңдағы жағдай доданы жоғары дәрежеде өткізуге мүмкіндік бермейді.
Айта кетерлігі, Нью-Йорктегі марафон кезеңі 1 қарашаға жоспарланған болатын. Ал Берлинде 26-27 қыркүйек күндері өтуі тиіс еді.
Сонымен қатар, осыған дейін Бостан мен Римдегі марафондар да өтпейтіні белгілі болған.