World of Tanks ойынын жасаушы компания иесінің байлығы 1 млрд доллар - Bloomberg
АСТАНА. ҚазАқпарат - Wargaming компаниясының негізін қалаушы Виктор Кислый Bloomberg нұсқасы бойынша байлығын доллармен санағанда миллиардерлер тізіміне кірді. Басылым ақпаратынша, оның компаниясы $1,5 млрд-ға бағаланады, ал оның жеке дәулеті $1 млрд асты.
Виктор Кислый Bloomberg зерттеуіне қатысты мәлімдеме жасамады. Ол өзінің ақшасын есептемейтінін айтты. Өткен жылы аталмыш компания шамамен $590 млн пайдаға қол жеткізген..
Bloomberg ақпаратынша, Виктор Кислыйдың компаниясында 4 мың қызметкер барп, олар әлемнің көптеген елдеріндегі кеңселерде жұмыс істейді.
Wargaming қызметкерлерінің дені World of Tanks ойынымен жұмыс істейді.