WorldSkills жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстан Республикасы WorldSkills International халықаралық ұйымына енген болатын. Бұл ұйымның мақсаты - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. WorldSkills- халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Ол әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге тартады

Қазақстандық WorldSkills  жобасының мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналады.

2015 жылғы сәуірде 7 құзыреттіліктер бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында алғаш рет WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді.

Айта кетейік, WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

Бұл ретте, үміткерлер WorldSkills 75 қатысушы мемлекеттердің өңірлік кәсіптік чемпионаттарынан іріктеледі. Олар өздерінің шынайылылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қабілеттерін көрсетеді. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасы туралы ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылардың келген елінің қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 12-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында 15 құзыреттілік бойынша WorldSkills Ұлттық чемпионаты өткізілген болатын. Ұлттық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 130 астам қатысушылар және 200 астам сарапшылар мен өндірістік оқыту шеберлері, өндіріс орындарының қызметкерлері қатысты. Еліміздегі чемпионат қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз анықталды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, WorldSkills чемпионатын өткізу барысында, яғни 2 жыл ішінде еліміздің 14 облысындағы және Астана, Алматы қалаларындағы ТжКБ беру ұйымдарының 4000 астам студенті қамтылды. Ал 2016 жылғы сәуірде Қазақстан EuroSkills халықаралық ұйымына ресми түрде тіркелді.

EuroSkills - кәсіптік білімнің сапасын, беделін және тартымдылығын арттыруға бағытталған ірі байқау. Іс-шараға тегін қатысады. 450 астам жастар 6 бағыт:

ü Көлік және логистика

ü Өндіріс және инженерлік технологиялар

ü Құрылыс және құрылыстың технологиялары

ü Өнер және сән

ü Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

ü Әлеуметтік және жеке қызметтер

бойынша өз дағдыларын көрсетеді.

2016 жылғы қарашада еліміздің Ұлттық құрамы 5 құзыреттілік бойынша Швецияның Гетеборг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатқа қатысты. Оның нәтижесі бойынша Солтүстік-Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Смирнов Евгений «Best of Nation» номинациясы бойынша медаль ұтып алды және 5-орынға ие болды.

2017 жылғы Ұлттық чемпионаттың басты мақсаты - жастарды жұмысшы мамандықтарды игеруге тарту. WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына игерген кәсіби дағдыларын және құзыреттіліктерін баршаға көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатын 2017 жылғы сәуірде 27 құзыреттілік бойынша ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ұлттық құрама мүшелері WorldSkills Russia және Абу-Даби қаласында халықаралық чемпионаттарға қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында WorldSkills жобасының Ұлттық операторы рөлін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ атқарады.