WSB: «Aстана арландары» бесінші рет жеңіске қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана арландары» 5:0 есебімен «Puerto Rico Hurricanes» командасынан басым түсті, деп хабарлайды sports.kz.
49 келі салмақта жұдырықтасқан Мардан Берікбаев Энтони Ортизді айқын басымдылықпен жеңді. Есеп - 3:0.
Мейірболат Тойытов қарсыласы Гомес Гарибалдиге еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Бірінші раундта нокдаун алған Гарибалди, екінші раундта техникалық жеңіліс алды. 56 келі салмақта Мейірболат жеңіске жетті.
64 келіде кездесу өткізген «Астана арландарының» капитаны Самат Бәшенов қарсыласы Ривера Яннды 3:0 есебімен жеңді.
75 келі салмақта өнер көрсеткен Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Джеффри Фласты бір раундттың ішінде нокаутқа түсірді.
Ауыр салмақта (91 келі) шаршы алаңға шыққан Василий Левит қарсыласы Ричард Джонсонты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді 21 ақпан күні қазақстандық команда Алматыда аргентиналық «Argentina Condors» командасымен айқасады.