WSB: «Astana Arlans» боксшылары польшалық «Poland Hussars» командасын тiзе бүктiрдi

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» қазақстандық командасының боксшылары WSB сериясының бесiншi турында Польшада «Poland Hussars» былғары қолғап шеберлерiн 4:1 есебiмен жеңдi.

WSB: «Astana Arlans» боксшылары польшалық «Poland Hussars» командасын тiзе бүктiрдi

Алғашқы үш кездесуде астаналық клубтың өкiлдерi жеңiмпаз атанды. Алдымен 49 келi салмақта өнер көрсететiн Мардан Берiкбаев польшалық қарсыласы Давид Ягодзиньскидi 3:0 есебiмен жерге қаратса, 56 келi салмақ дәрежесiнде Мейiрболат Тоитов Марек Петрущуктi ойсырата жеңдi. Үшiншi кездесуде шаршы алаңға шыққан 64 келiдегi Асхат Уәлиханов алдына келген Дамиан Кивиорды бет қаратқан жоқ. Есеп қазақстандықтың пайдасына шешiлдi.

Ал 75 келi салмақта Сергей Деревянченконы алмастырған Ерiк Әлжанов польшалық команданың капитаны Томаш Яблонскиге есе жiбердi.

Соңғы бесiншi кездесуге шыққан «Astana Arlans» клубының ауыр салмақтағы өренi Василий Левит поляк Лукаш Зигмундке ешқандай мүмкiндiк берген жоқ. Тiптi шаршы алаңда бiрнеше рет қарсыласын есеңгiретiп те тастады. Дегенмен, Лукаш Зигмунд бес раундтың соңына дейiн тұра алды. Есеп - 3:0.

«Astana Arlans» клубы Бүкiләлемдiк бокс сериясының «В» тобында 13 ұпаймен көш бастап келедi. Бiр ойын кем өткiзген «Cuba Domadores» 12 ұпаймен екінші орында келедi.

Келесi кездесудi қазақстандық команда 18 қаңтарда Әзірбайжанда «Baku Fires» боксшыларына қарсы өткiзедi.