WSB финалы: Кубалықтар тағы да алға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WSB финалы: Кубалықтар тағы да алға шықты

Бүгінгі жекпе-жекте шаршы алаңға екінші болып шыққан "арланымыз" Закир Сафиуллин (60 келі) қарсыласына жол берді. Ол Лазаро Альварезбен жұдырықтасып, ұтылып қалды.  Осылайша бостандық аралының өкілдері таразы басын өздеріне бұрып, 4:3 есебімен алға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 52 келі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов есепті теңестірген еді.

Енді, алда әлі үш кездесу бар. Жарыс  Қытайдың Сямын қаласында өтіп жатыр.