WSB финалы: Кубалықтар жекпе-жек аяқталмай чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесуде кубалықтар чемпиондық атағын "Арландармен" теңестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WSB финалы: Кубалықтар жекпе-жек аяқталмай чемпион атанды

Бүгінгі жекпе-жекте шаршы алаңға төртінші болып шыққан Бек Нұрмағанбет (81 келі) қарсыласына жол беріп, нәтижесінде кубалықтар алдын ала чемпиондық атаққа қол жеткізді. Нұрмағанбеттың қарсыласы Хулио Ла Круз айқын басымдылықпен ұтып, жалпы есепті 6:3-ке жеткізді. Осылайша соңғы жекпе-жекте, яғни аса ауыр салмақтағы боксшылар арасындағы айқаста қазақстандық боксшы жеңіске жетсе де кубалықтар жалпы есепте озып тұр.

Бүгінгі жекпе-жекте  52 келі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов қана қарсыласынан басым түсті.