WSB финалы: Сәкен Бибосынов кубалықтармен есепті теңестірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WSB финалы: Сәкен Бибосынов кубалықтармен есепті теңестірді

Бүгін шаршы алаңға бірінші болып "Арландар" сапынан 52 келі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов есепті теңестірді. Ол аса тартысты өткен жекпе-жекте кубалық Хорхе Гринанды басымдылықпен ұтты. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін, яғни 26 қыркүйек күні финалдық кезеңнің алғашқы айқастарында кубалықтар 3:2 есебімен басым түскен болатын. Міне, бүгінгі шешуші сында Бибосынов есепті теңестіріп үлгерді.