WSB финалы: Шымбергеновтің қарсыласына шамасы жетпеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің екінші кезеңінде кубалықтар 5:3 есебімен алға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі жекпе-жекте шаршы алаңға үшінші болып шыққан Асланбек Шымбергенов (69 келі) қарсыласынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Ол Рониель Иглесиаспен жұдырықтасқан болатын. Аса тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан бостандық аралының өкілін жеңімпаз деп тапты. Осылайша кубалықтар 5:3 есебімен алға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 52 келі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов жеңіске жеткенімен артынша Закир Сафиуллин қарсыласынан ұтылып қалды.
Енді, алда әлі екі кездесу бар. Жарыс Қытайдың Сямын қаласында өтіп жатыр.