WSB жартылай финалында «Астана арландары» «British Lionhearts» боксшыларынан 2:3 есебімен ұтылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB жартылай финалының бірінші күні С1 салмақ дәрежесіндегі «Астана арландары» боксшылары «British Lionhearts» боксшыларынан 2:3 есебімен ұтылып қалды, деп жазады Sports.kz.
None
None

Жомарт Ержан (49 кг) Галал Яфайдан жеңіліп қалды, есеп 0:3 (46:49, 46:49, 45:50), ал Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 кг) Питер Макгрейлді тізе бүктірді - 2:1 (48:47, 47:48, 48:47), Самат Башенов (64 кг) Пэт Маккормэктен айласын асыра алмады - 0:3 (45:50, 46:49, 45:50), Мейірім Нұрсұлтанов (75 кг) Трой Уильямсонды 2:1 есебімен жеңді (48:47, 48:47, 47:48), ал Мұхамеджан Еркін (91 кг) Джосип-Бепо Филипиден жеңіліп қалды - 0:3 (44:50, 46:49, 46:49).

27 мамыр күні С2 салмақ дәрежесіндегі боксшылардың тартысты бәсекесін Астана уақыты бойынша 01:00 сағатта көруге болады. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар