16:18, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
WTA 2013 жылғы қорытынды рейтингісі: Қазақстандық қос теннисші ТОП-100 арасында
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) 2013 жылғы соңғы аптасындағы рейтингіде өз орындарын сақтап қалды.

30 желтоқсандағы жағдай бойынша, Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова сәйкесінше 67- және 79-орындарда. Юлия Путинцева 109 орында қалды. Сесиль Каратанчева - 141-сатыда, Зарина Дияс 163-орында.
Керімбаева 4 сатыға төмен сырғып, 312-орынды иеленуде. Анна Данилина 545-орынды місе тұтты, деп хабарлайды sports.kz.
Ал көш басында әдеттегідей америкалық Серена Уильямс, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренка - екінші, қытайлық На Ли үздік үштікті қорытындылап тұр.
Жұптық рейтингте Воскобоева 34-ші, Шведова - 53-ші, Керімбаева 437-ші, Данилина 447-ші, Әсия Даир 556-шы, Дияс 604-орында. Бұл тізімде итальяндық теннисшілер Сара Эррани мен Роберта Винчи көш бастап тұр.