WTA-ның жаңартылған рейтингінде Рыбакина 3, Данилина 44-орынға көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

елена рыбакина
Фото: ktf.kz

Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек бұрынғыша көш бастаса, Белорусь өкілі Арина Соболенко екінші орында тұр. 

Кеше Брисбен WTA 500 турнирінің чемпионы атанған қазақстандық Елена Рыбакина 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастап, үшінші сатыға көтерілді. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 63-тен 64-ке төмен сырғыды.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында үздік шыққаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді. Оның сол жарыста бірге өнер көрсеткен жұбы, словакиялық Виктория Грунчакова 84-тен 73-ке жоғарылады. 

Рыбакина жұптық сын рейтингісінде 124-тен 125-ке, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. 

Рыбакинаның Аустралиядағы турнирде кіммен кездесетіні де белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар