WTA рейтингі: Путинцева мен Дияс ТОП-100-де қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшыларының жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы үш орында өткен аптадағыдай румындық Симона Халеп, испандық теннисші Гарбинье Мугуруса және даттық Каролин Возняцки тұр.
Қазақстандық Юлия Путинцева мен Зарина Дияс рейтингтегі 51 және 66-шы орындарын сақтап қалды.
Жұптық разрядта Ярослава Шведова да өз позициясын өзгерткен жоқ, 37-ші орын.