WTA рейтингі: Юлия Путинцева ТОП-50 қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTA 6 тамыз күні теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады. Қазақстандық Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, әлемнің үздік 50 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

WTA рейтингі: Юлия Путинцева ТОП-50 қатарына кірді

Еске сала кетейік, Путинцева өткен аптада Вашингтондағы турнирдің ширек финалына дейін барып, ресейлік Светлана Кузнецоваға есе жіберген болатын.
Зарина Дияс 63-сатыда тұр. Ал екі орын жоғары көтерілген Елена Рыбакина 189-орынға тұрақтады.
Тізімнің үздік ондығы өзгеріссіз қалды.
WTA рейтингі. 6 тамыз

1 (1). Симона Халеп (Румыния) - 7511.

2 (2). Каролина Возняцки (Дания) - 6660.

3 (3). Слоан Стивенс (АҚШ) - 5492.

4 (4). Анжелика Кербер (Германия) - 5305.

5 (5). Элина Свитолина (Украина) - 5020.

6 (6). Каролин Гарсия (Франция) - 4680.

7 (7). Гарбинье Мугуруса (Испания) - 4535.

8 (8). Петра Квитова (Чехия) - 4505.

9 (9). Каролина Плишкова (Чехия) - 4485.

10 (10). Юлия Гёргес (Германия) - 3900