WTA рейтингі: Зарина Дияс 63-орынға табан тіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WTA рейтингі: Зарина Дияс 63-орынға табан тіреді

Кеше Зарина Жапония астанасы Токиода өткен «Japan Women's Open Tennis» халықаралық турнирінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл оның WTA санатындағы турнирде алғаш рет топ жаруы. Финалда отандасымыз жапон теннисшісі Миа Катоны 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Дияс осыған дейін фейсбуктегі парақшасында жеңісті сәті түсірілген видеоны жұртпен бөліскен болатын.