WTA рейтингісі: Жыл қорытындысы бойынша ТМД өкілдері алғаш рет ТОП-3-ке кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін жаңартылған әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде ойыншылардың жылдық қорытынды орындары белгілі болды.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 8 099 ұпаймен бұрынғыша көш басында қалды.

WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанған ресейлік, 19 жастағы Мирра Андреева 7 806 ұпай жинап, спорттық жолында алғаш рет екінші орынға шықты.

Беларусь өкілі Арина Соболенко (6 685 ұпай) үшінші сатыға сырғыды.

Осылайша, маусым қорытындысымен ТМД құрамына кіретін елдердің спортшылары алғаш рет ТОП-3-ке кірді.

Үздік ондықтағы тағы бір өзгеріс, чехиялық Линда Носкова отандасы Каролина Мухованы ығыстырып, 7-орынға тұрақтады.

Қазақстандық Юлия Путинцева 66-дан 65-ке ауысты.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 7-сатыда қалса, биылғы маусымда сәтті өнер көрсеткен Жібек Құламбаева 86-орынға көтеріліп, өзінің жеке рекордына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ-та теннистен WTA қорытынды турнирі мәресіне жеткенін жазған едік.