10:08, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
WTA: Юлия Путинцева WTA рейтингінде 7 сатыға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өткен апта ішінде жеті сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Спорт.кз.

Осылайша ол Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын сақтап қалып отыр. Спортшы WTA тізіміндегі үздік жүз спортшының арасынан 57-орынға табан тіреді. Ал Зарина Дияс бір сатыға төмен түсіп, 69-орынға тұрақтады. Ярослава Шведова 82-орынды сақтап тұр.
Әлемнің үздік ракеткасы атағы әлі де америкалық Серена Уильямске тиесілі. Ал екінші орында неміс қызы Анжелика Кербер, үшінші орында румыниялық Симона Халеп келеді.