WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 50 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 2015 жылдың қазанынан бері алғаш рет $50 межеден қымбат сатылуда.

WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 50 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы өсіп келеді, оның баррелі 50,16 доллар шамасында саудалануда, деп жазды РБК.

Bloomberg атап өткендей, 2016 жылдың қаңтарында Brent маркалы мұнай құны 2003 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсіп, сол кездегімен салыстырғанда шамамен 80%-ға өсті. Бұған АҚШ-та және Нигерияда мұнай өндірісі көлемінің төмендеуі себеп болды. Электр энергиясына қатысты проблемалар туындаған Венесуэлада, орман өртімен арпалысып жатқан Канадада да мұнай өндірісінің көлемі төмендеген.