WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 30 долларға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке мұнайдың әлемдік бағасы арзандады, WTI мұнайы барреліне 30 доллардан төмен саудалануда. Әлемдік қор биржаларындағы сауда-саттық осы деңгейде белгіленді.
Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуір айына фьючерсінде бір баррель бағасы 5,37% - яғни 32,48 долларға арзандады. WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 5,23% төмендеп, барреліне 29,98 доллар болып белгіленді.