WTI маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 30 доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні бұған дейінгі үш сессияда мұнай бағасының күрт төмендегеніне қарамастан алғаш рет өз өсімін қалпына келтірді, нарыққа қатысушылар АҚШ-тан келген қолайсыз мәліметтерге қарамастан, баға өзгерісінің шамадан тыс құлдырау ретінде бағалады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

WTI маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 30 доллардан асты

Түске дейін Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайына сәуірдегі келісімшартпен баға белгіленуі 0,7 пайызға - бір баррель үшін 32,96 долларға дейін өскен.

Осы кезде Нью-Йорктегі сауда биржасының электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы жеткізілуімен баға белгіленуі 0,8 пайызға өсіп - бір баррель үшін 30,12 долларға жетті.

Кеше сейсенбі күні Brent мұнайы 4,4 пайызға, WTI - 5,5 пайызға арзандаған. 1-2 ақпан күндері WTI бағасы 11 пайызға құлдырап алты жылдағы еі төменгі көрсеткіште болды.