WTI маркалы мұнайдың баррелінің бағасы $59,39 дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техастық ашық түсті мұнай өнімдерін (WTI) жеткізу құны Нью-Йоркте 0,45 (0,76%) долларға көтеріліп, баррелінің құны 59,39 долларға жетті. Инвесторлар АҚШ еңбек министрлігінің оң статистикасынан кейін «қара алтынға» сұраныс артады деп күтуде, деп хабарлады ТАСС.

WTI маркалы мұнайдың баррелінің бағасы $59,39 дейін көтерілді

«Жұмыспен қамту туралы хабар үміт отын жаққандай болды, - деді Again Capital LLC қорының қызметкері Джон Килдаф. - Еңбекақы төлеудегі өзгерістер энерготасығыштарға, әсіресе бензинге сұранысқа елеулі әсер етеді».

АҚШ еңбек министрлігінің деректері бойынша, сәуірде елдегі жұмыс орнының саны 223 мыңға артып, жұмыссыздық 5,4 пайызға төмендеді. Бұл 2008 жылғы мамырдан бергі ең төмен көрсеткіш. Орташа сағаттық еңбекақы сәуірде 3 центке, 24,87 долларға дейін өскен.