WTI мұнайының бағасы Сауд королінің қаза тапқаны туралы хабардан кейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі мұнайды экспорттайтын алып елдің басшысы - Сауд королі Абдалланың қаза болуы туралы хабардан кейін АҚШ биржасында WTI маркілі мұнай бағасы өсті, деп хабарлады РИА Новости.

WTI мұнайының бағасы Сауд королінің қаза тапқаны туралы хабардан кейін көтерілді

Алтыншы сауд королі Абдалла 91 жасында өмірден озды. Таққа оның бауыры Салман отырды.

Нью-Йорк биржасында жеңіл WTI мұнай баррелінің құны 2,38%, немесе 1,10 доллардан - 47,41 долларға дейін қымбаттады, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Ал Brent маркілі мұнайдың бір баррелінің бағасы 51 центке (1,04%) арзандап, 48,52 долларды құрады.

Ассошиэйтед Пресс сауалына қатысқан сарапшылар сауд елінің мұнай министрі Әли әл-Наими тағы бірнеше ай өз қызметінде қалса, елдің мұнай саясаты өзгеріссіз қалатынын айтты.