WWF әр адамды Жер сағатында «Шамды өшіріп, экобатыр болуға» шақырады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацияар қызметінің сайты хабарлады.
«Жер Сағаты тек қана шам сөндіру кампаниясы емес, одан гөрі анағұрлым үлкен маңызға ие, және біз қазір оның нәтижесін көріп отырмыз», - дейді акцияның Қазақстан мен Орта Азиядағы бастамашысы Алан Бесен.
Ұйымдастырушылар елдегі 1 млн шамасындағы адамды ағаш отырғызуға тартуды, сондай-ақ 2013 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында «Эко Лагерь» құруды, оқушыларға, ғылыми қызметкерлер мен еріктілерге арнап экологиялық ғылыми-зерттеу орталығын ашуды жоспарлауда.
Жер Сағаты - әлемдегі ең ірі экологиялық бастама. Бірінші Жер Сағаты 2007 жылы, Австралияның Сидней қаласында 2,2 миллион адам климаттағы өзгерістерге мүдделілікті ынталандыру мақсатында шамдар мен басқа да өмірлік маңызы бар электр құралдарын бір сағатқа өшіріп тастаған кезде басталған. Содан бері Жер Сағаты 152 елдің 7000-нан астам қаласында, барлық құрлықтың жүздеген миллион тұрғындарының қатысуымен өткізіліп келеді.
2009 жылы акцияға Қазақстан да қосылды- «Жер Сағаты» кезінде елордамыз Астанада және облыс орталықтарында ірі ғимараттардың сәулеттік-көркемдік шамдары сөндірілді.