WWF International Қазақстанда жолбарыстарды реинтродукциялауға 10 млн еуро бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры Қазақстанда жолбарыстарды реинтродукциялауға 10 млн еуро бөледі. Бұл туралы бүгін Қазақстанда жолбарыстарды реитродукциялау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WWF International Қазақстанда жолбарыстарды реинтродукциялауға 10 млн еуро бөледі

«Ең алдымен біз қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Жолбарыстарды әкелу - бұл жобаның ақтық бөлігі. Оларды әкелместен бұрын қажетті жағдайды жасауға тиіспіз. Сөз үлкен экожүйе төңірегінде болып отыр. Мұны түсіну керек. Қажетті қаржыға қатысты айтар болсам, айрықша қорғалатын аумақ түріндегі мұндай мекемелерді қаржыландыру үшін норматив бар. Сондықтан аталған нормативке сәйкес бюджетте келесі жылға 117 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл Қазақстанның жоба қатысуына қатысты жайт. Бұл жоба Қазақстанның бюджеті есебінен ғана қаржыландырылмайды. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры да белсенді қатысады. Бұл жайында айтылды да. Жыл сайын бұл жобаны жүзеге асыруға қор тарабынан 10 млн еуро бөлу көзделуде», - деді Асқар Мырзахметов.

Өз кезегінде құжатқа қол қойған WWF International бас директоры  Марко Ламбертини қор аталған жобаны жүзеге асыруға бірнеше миллион еуро бөлетіндігін айтса, Нидерланды Елшісі Дирк Ян Коп та өз елі жыл сайын 200 млн доллар бөлетіндігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, шара барысында Асқар Мырзахметов 2018 жылы жолбарыстар тіршілік ететін «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылатындығын айтты.