X Factor жобасының қатысушылары қайырымдылық концерт өткізеді

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - X Factor жобасының қатысушылары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қайырымдылық концерт береді.

X Factor жобасының қатысушылары қайырымдылық концерт өткізеді

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталмыш шараның ұйымдастырушылары мәлім етті.

«Шара «Ретро шлягер» клубында өтеді. Наурыз мерекесіне арналған концертімізге 250-ден аса мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды. Біздің жобамызды Алматы интернационалдық әйелдер клубы, бизнес өкілдері және клубтың иесі, әнші Ерлан Көкеев қолдады», - деді X Factor жобасының баспасөз хатшысы Наталья Слуцкая.