X Фредерик Данияның королі болып жарияланды
Х Фредерик Данияның жаңа королі болды. Патшайым II Маргрете жексенбі күні Копенгагендегі Кристиансборг сарайында үлкен ұлының пайдасы үшін тақтан бас тартуға қол қойды.
– Патшаны сақта, Құдай! – деді де, залдан шығып кетті.
83 жастағы Маргрете жаңа жылдағы сөйлеген сөзінде тағын даниялықтарға қалдыру туралы шешімін мәлімдеген болатын. Ол елдің 900 жылға жуық тарихында тақтан өз еркімен бас тартқан алғашқы монарх болып отыр.
Премьер-министр Метте Фредериксен Кристиансборг балконынан үш рет «Ура!» деп айқайлап, Х Фредерикті король деп жариялады. Сарай жанындағы алаңда мыңдаған даниялық оны әйелі, қазіргі ханшайым Мэри және балаларымен бірге қарсы алды.
Олардың үлкен ұлы, 18 жастағы Кристиан ресми түрде Данияның тақ мұрагері болды.
Бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңадан таққа отырған Королі X Фредерикті құттықтады.
Сонымен қатар Президент Патшайым лауазымынан мерзімінен бұрын өз еркімен кетіп, тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Дания Королі ретінде жариялаған II Маргретеге де жеделхат жолдады.