XI Қазан халықаралық мұсылман киносы фестиваліне қатыстырылатын туындылар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - XI Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің іріктеу комиссиясы өзінің жұмысын аяқтады, деп хабарланған кинофестиваль сайтында.
None
None

Ресейлік белгілі кинотанушы, кино сыншысы Сергей Лаврентьевтің төрағалығымен аталған комиссия өтінім беру аясында тіркелген 700-ге жуық фильмді көріп шығып, байқаудың шорт-парағын айқындады. 2015 жылғы фестивальдің жүлдесін иелену үшін әлемнің 25 елінен 50 фильм бақ сынасатын болды. Олардың ішінде он-оннан толық метражды, қысқа метражды, деректі толық метражды, деректі қысқа метражды және анимациялық фильмдер бар. Негізгі байқау аталымында мәдени ықпалдастық тақырыбына арналған туындылар қаралады. Оның ішінде Садық Шернияздың «Құрманжан Датқа. Тау патшайымы» (Қырғызстан), Дервиш Заимның «Балық» (Түркия), Фарид Давлетшиннің «Рудольф Нуриев. Рудик» (Ресей), Носир Саидовтың «Ұстаз» (Тәжікстан), Шахаван Идрестің «Жүзі күлге малынған» (Ирак), А.Азгаридің «Шекарасыз» (Иран), Биджудың «Есімдері беймәлім» (Үндістан), Мансур Васатидің «Құдық» (Өзбекстан), Дарья Полторацкаяның «Москвабадтан қашу» (Ресей) және М.С.Фарукидің «Құмырсқаның хикаясы» (Бангладеш) фильмдері бар.

Соңғы жаңалықтар