XIII Ұлттық Дельфий ойындарында СҚО командасы бірінші орынды жеңіп алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының командасы XIII Ұлттық Дельфий ойындарында бәсекелестерінен оқ бойы оза шығып, бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Дельфий комитеті директорының ақпараты бойынша, Халықаралық Дельфий комитетінің ҚР өкілі Құралай Түсіпбекованың сөзінше, солтүстікқазақстандықтар осы жолы 9 алтын, 11 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. 

«Бұл ойындарға Қазақстанның барлық аймақтарынан 600-ге жуық жас дарындар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет басқарған ұйымдастыру штабының ерен еңбегінің арқасында ойындар өте жоғары деңгейде өтті. Бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіп алды. Екінші орынға 4 алтын, 5 күміс, 2 қола медальмен Астана командасының өрендері лайықты деп табылды. Үшінші орынға 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған Ақмола облысының өнерпаздары табан тіреді»,-деді Құралай Түсіпбекова.

Оның сөзінше, алтын медаль иегерлері ұлттық дельфий құрамасына алынып, олар Халықаралық Дельфий ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

«ТМД аймағында ойындар әдетте сәуір- мамыр айлары аралығында өтеді. Сонымен қатар байқау аясында ТМД көлеміндегі тағы бірқатар дельфий кездесулері өтеді»,-деді Құралай Түсіпбекова.

Соңғы жаңалықтар
telegram