XIX ғасырдағы Өзбекстанның тоқыма өнері туралы кітап жарық көрді
Оқырмандар өзбек тарихи киімдері мен дәстүрлі өрнектері, Өзбекстандағы тоқыма өнеркәсібінің қалыптасуына Ұлы Жібек жолының әсері, қолөнер шеберлерінің сыртқы әлеммен тұрақты түрде шығармашылық алмасуы туралы біле алады.
Жаңа туынды шапан, суретті кілемдер және зергерлік бұйымдар сияқты әртүрлі өнер туындыларымен таныстырады. Бұл өнер туындыларын дайындауда ғасырлар бойы шеберлерден шәкірттеріне жалғасып келе жатқан дәстүр қолданылған.
Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры «Assouline» баспасымен бірлесе отырып «Өзбекстан. «Самарқандқа жол», «Өзбекстанның тірі қазыналары: қолөнер салтанаты», «Авангард Шығыс әуесқойлары» және «Орыс авангарды» сияқты бірнеше кітап жарық көрді.
Бұл кітаптар Өзбекстан мәдени-тарихи мұрасына, сәулеттік және табиғи әсемдігіне, елдің қолданбалы сәндік өнері мен заманауи шеберлеріне, Игорь Витальевич Савицкийдің авангардтық мұрасына арналған.
Айта кету керек, бұл туынды Мәдениет пен өнерді дамыту қорының бастамасымен, автор Яффа Ассулин мен белгілі фотограф Лазиз Хаманимен бірлесіп дайындалған.