XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 желтоқсанда Италияның Сондрио қаласында XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін байрақты бәсекеде 34 елден 506 спортшы (377 ер, 129 әйел) бақ сынайды.

Төрт жылдықтың басты додасында спортшылар шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахмат сынды 6 спорт түрінен жүлдеге таласады. Апеннин түбегінде Қазақстан атынан шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру сноуборд, шахматтан 40 спортшы сынға түседі.