XV Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қатысу үшін өтінім қабылдау жалғасуда

АСТАНА. 18 қазан.  ҚазАқпарат -  Бүгінгі күні Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысуға тілек білдірген өтінімдер келіп түсуде. Қазірдің өзінде Алматы, ОҚО, Атырау, СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары өздерінің қатысатындығын нақтылады. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.
None
None

Еске салайық, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 3-інен 8 қарашасына дейін Астана қаласында XV Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалі өтеді.

Байқау жеті түрлі аталымда ұйымдастырылатын болады. Олардың арасында «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Жас балет әртістерінің байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» бар.

Ұйымдастыру комитеті фестивальге қатысуға өтінімді 2012 жылдың 20 қазанына дейін қабылдайды. Толығырақ ақпаратты www.shabyt.astana.kz сайтынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум