XVI Халықаралық Астрономиялық олимпиадасы - бүкіл Қазақстан елі үшін үлкен маңызды шара - Б. Жұмағұлов

МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгінгі шара олимпиада қатысушылары мен "Бөбек" орталығы үшін ғана маңызды емес, бүкіл Қазақстан елі үшін де маңызды шара болып табылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда XVI Халықаралық Астрономиялық олимпиадасының ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың олимпиада қатысушыларына жолдаған құттықтауында айтылды. Оны министрліктің өкілі Нұрлан Ыбырайымов оқып берді.

Құттықтауда сонымен қатар: «Халықаралық Астрономиялық олимпиадасын "Бөбек" орталығында өткізу жайдан-жай таңдап алынған жоқ. Біздің еліміздің астрономия саласы бойынша мектептен тыс тәжірибесі мол. Астрономия қосымша білім ретінде өткен ғасырдың 60 жылдарынан астрономиялық үйірме болып алғаш рет қалыптасты. 2009 жылы, Дүниежүзілік Астрономия жылында "Бөбек" орталығының басшысы Сара Назарбаеваның жетекшілігімен орталықта Балалар обсерваториясы ашылды. Бұл обсерватория жетекші ғылыми ұйымдарда жоқ, ең үздік заманауи құралдармен жабдықталған. Осындай мекемеде ҚР Ғылым және білім министрлігі 20 елдің өкілдерінен құралған 21 команданың қатысушыларына қош келдіңіздер дейді. Қатысушыларға жетістік, жеңіс тілеймін!",-делінген.

Соңғы жаңалықтар