XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын әрбір қазақстандық спортшыға 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласындағы XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын әрбір қазақстандық спортшыға 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі.
None
None

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.

Оның айтуынша, Ванкувер Олимпиадасы кезінде әрбір қазақстандық спортшының киім-кешегіне 370 мыңға жуық қаржы кетсе, осы жолғы Сочи Олимпиадасы аясында бір спорттық киім-кешек қоржынына 500-600 мың теңге жұмсалмақ. «Бұл тек мемлекеттің ақшасы ғана емес. Оның ішінде демеушілердің қаржысы да бар. Ал киім-кешек қоржынында шұлықтан бастап бас киімге дейінгі спорттық киім-кешек жиынтығы болады», - деп атап көрсетті Д.Ахметшәріп.

Қазақстан құрамасының XXII Қысқы Олимпиада ойындарында киетін киім үлгілерін таңдау кезінде оның түсіне ерекше мән беріледі. Себебі мемлекеттік туға сай келетін дәстүрлі көк пен сары түстер аралас спорттық киіммен шыққан кезде, қазақстандық спортшыларды Украина мен Швеция құрамаларымен шатастырып жатады.

Соңғы жаңалықтар