XXIII қысқы Олимпиада ойындарына 50 күн қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура 50 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ақ Олимпиадаға әлемнің 80 елінен 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкіл қатысады. Спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан спортшылары келесі жылдың ақпан айының басына дейін Олимпиадаға жолдамалар сарапқа салынатын додаларда бақ сынамақ.Қазірге дейін ел қоржынында 23 олимпиадалық лицензиясы бар. Оның 10-ы биатлоннан, 10-ы шорт-тректен, үшеуі мәнерлеп сырғанаудан.

Жалпы Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шана спорты, шаңғы тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл (акробатика, могул).

Естеріңізге сала кетейік, қысқы Олимпиадаларда Қазақстан ұлттық құрама командасы осыған дейін жалпы 7 медаль жеңіп алған. Олардың ішінде - бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар