Я. Шведова Australian Open чемпионатынан шығып қалды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық Ваней Кингпен бірге жұппен өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Ярослава Шведова

Я. Шведова Australian Open чемпионатынан шығып қалды

теннистен «Үлкен шлем» сериясының маусымдағы алғашқы турнирі - Австралияның Ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Турнирде Шведова пен Кинг американ-жапондық дуэт Ирина Фальконимен және Шуко Аоямамен кездесті. 2 сағат 46 минутқа созылған кездесу Фалькони/Аояма жұбының пайдасына 3:6, 7:5, 6:7 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Фалькони/Аояма кездесудің жеңімпаздары Моник Адачак (Австралия)/Стефани Бенгсонпен (Австралия) және Кара Блэк (Зимбабве)/Анастасия Родионовамен (Австралия) кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Шведова Германияның 18 жастағы спортшысынан жеңіліп, Australian Open чемпионатының жеке санаттағы бірінші айналымынан өте алмады. Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирден шығып қалды.