Я. Шведова мен Вания Кингтің жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» Үлкен дулыға сериясы турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық спортшы Ярослава Шведова мен американдық теннисші Вания Кингтің жұбы жартылай финалға шықты.

 Я. Шведова мен Вания Кингтің жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Кеше олар ресейлік Надежда Петрова мен австриялық Анастасия Родионова жұбын үш сетте 7:5,3:6,6:2 есебімен тізе бүктірді.

Шведова мен Кингтің келесі қарсыластары - чехиялық Андреа Главачкова мен Люси Градецка жұбы.