Я.Шведова Монреальдағы турнирдің бірінші айналымын сәтті өтті

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Роджер кубогі жолындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отандасымыз кеше неміс спортшысы Анжелика Кербермен кездесіп, 6:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді оның келесі қарсыласы ресейлік Вера Звонарева.

Роджер кубогі турнирінің сыйақы мөлшері 2 млн. АҚШ доллары. WTA ұйымы 118 жылдық тарихы бар аталған турнирді, 2009 жылдан бастап жоғары санаттағы премьер-турнир жарыстарының тізіміне енгізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар