Я.Шведова US Open турнирінің төртінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open турнирінің төртінші айналымына шықты.
Ол өзінің үшінші кездесуінде қытайлық спортшы Чжан Шуайды 6:2, 7:5 есебімен екі партияда ұтты.
Енді төртінші айналымда қазақстандық теннисші швециялық Юханна Ларссонды 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтқан әлемнің бірінші ракеткасы, атышулы америкалық Серена Уильямспен кездеседі.
Еске сала кетейік, Я.Шведова US Open турнирінің бірінші айналымында испаниялық Лару Аррубарренаны 6:2, 6:3, содан кейін тағы бір қытайлық теннисші Ван Цянды 6:0, 6:1 есебімен тізе бүктірген болатын.