18:46, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Я. Шведова/В. Кинг жұбы АҚШ-тағы "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен американдық спортшы Ванья Вингтің жұбы АҚШ-та өтіп жатқан US Open «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шықты.
Үшінші айналымдағы кездесуде қазақстандық-американдық альянс чех дуэтін - Ивета Бенешова мен Барбара Стрыкованы - 7:6, 3:6, 7:6, есебімен жеңді, деп хабарлады Қазақстанның Тенис федерациясынан.
Естеріңізге сала кетейік, Я. Шведова/В. Кинг жұбы осыдан бірнеше күн бұрын екінші айналым ойынында австриялық-чех дуэті Ярмила Грот/Клара Закопалованы 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Ал турнирдің бірінші ойынында қазақстандық-американдық жұп Елены Костанич Тошич пен Ромина Опрандидің хорват-итальяндық жұбын - 6:3, 6:0 есебімен жеңді.