Яценюк: Конституцияға сәйкес Украина президентінің міндеттерін Турчинов атқарады
АСТАНа. ҚазАқпарат - Ел конституциясына сәйкес Украина президенті міндеттерін қазіргі кезде Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчинов атқарады, деп хабарлады «Украинская правда» «Батькивщина» фракциясының көшбасшысы Арсений Яценюкке сілтеме жасап. Егер «президент болмаса, онда бұл міндет Украина Жоғарғы Радасының төрағасына жүктеледі», - деп еске саалды Яценюк.
РБК-нің хабарлауынша, Кеше Жоғарғы Рада 238 дауыспен Виктор Януковичті Украина президенті лауазымынан шеттету туралы қаулыны қолдады. Президентті шеттету туралы қаулы жобасын оппозиция көшбасшылары Виталий Кличко, Арсений Яценюк және Олег Тягнибок берді. Януковичтің өзі отставкаға мерзімінен бұрын кетпейтінін мәлімдеді. Ол оппозиционерлерді бандиттер деп атады және Жоғарғы Рада қабылдаған барлық шешімдерді мемлекеттік төңкеріс деп санайды. Киевтегі жағдайды Янукович Германияда билікке нацистер келуімен шендестірді.