Ядролық энергияны қауіпсіз пайдалану мәселесін терең түрде қайта ой елегінен өткізетін сәт келді - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун

КИЕВ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ядролық энергияны қауіпсіз пайдалану мәселесін терең түрде қайта ой елегінен өткізетін сәт келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Киевте Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі өтіп жатқан Саммит барысында сөз ала отырып, осылай деп мәлім етті.
None
None

«Біз өз тәжірибемізден ядролық энергия апатының шегі жоқ екенін көріп отырмыз», -деді Пан Ги Мун ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланған кезде қауіпсіздік басым мәселеге айналуы керек екенін атап өте келе.

БҰҰ Бас хатшысы бірнеше ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ол ядролық қауіпсіздіктің барлық нормалары мен стандарттарын қайта қарауды ұсынды. Сонымен қатар, ядролық нысандардың қауіпсіздігі үшін үкімет жауап беру керек екенін атап өтті. Және де Пан Ги Мунннің сөзінше, ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне қолдау көрсету қажет.

Соңғы жаңалықтар