Ядролық қауіп Жапонияның ең iрi АЭС-іне да жетті

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жапониядағы ең iрi "Касивадзаки-Карива" АЭС-інің бірінші энергия блогындағы салқындату жүйесі істен шықты.
None
None

Бұл туралы Kyodo жапон агенттігі Tokyo Electric Power (TEPCO) стансасы-компаниясының операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, Ниигата орталық префектурасында орналасқан АЭС-та салқындату жүйесі клапанының жұмысында қиындықтар анықталған. Әзірге радиоактивті заттардың таралып кетуі туралы ақпарат түскен жоқ.

Жұма күні Жапония премьер-министрі Наото Кан елдің орталық аймағындағы басқа бір "Хамаока" АЭС-ның жұмысын тоқтату қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Билік, сейсмологтардың деректері бойынша, iрi тектоникалық қатерлі жерде электрстансасы бар болғандықтан, кезекті күшті зілзала жаңа ядролық дағдарысқа ұрындыруы мүмкіндігінен қауіптенуде.

Соңғы жаңалықтар