22:48, 04 Қазан 2015 | GMT +5
«Ягуар» көлігі электрбағанына соғылып, жүргізуші аяғынан айырылды (ФОТО)
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазан қаласында «Ягуар» жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай электр бағанына аса үлкен жылдамдықпен соғылды. Кәугерлердің айтуынша, оның жылдамдық өлшегіші 260 шақырым сағатпен жүргенін көрсеткен күйі қатып қалған, деп жазады prokazan.ru сайты.
Көлікте жастар болған. Салонда болған екі қыз ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің аяғы қысылып қалғандықтан құтқарушылар оны кесіп алуға тура келген.