Yahoo 17 жастағы студентке iPhone қосымшасы үшін 30 млн. доллар төледі

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Американдық Yahoo Inc. интернет-компаниясы 17 жастағы студент Ник Д'Алоисио ойлап тапқан Summly ұялы телефон қосымшасын 30 млн. долларға сатып алды,

Yahoo 17 жастағы студентке iPhone қосымшасы үшін 30 млн. доллар төледі

деп хабарлады Reuters.

Summly қосымшасы iPhone-да қолданылады және жаңалықтарды 400 белгіге дейін ықшамдауға, сондай-ақ оларды ыңғайлы күйде ашуға мүмкіндік береді.

Н.Д'Алоисио компьютерлік жүйенің кодировкасын 12 жасында үйренді. Осыдан кейін ол қосымшаларды ойлап таба бастаған, оның қатарында Facemood - Facebook қолданушыларының көңіл-күйін анықтайтын сервис, сондай-ақ музыканы әп-сәтте табуға мүмкіндік беретін SongStumblr сервисі де бар.