Yahoo!-да тіркелгендердің парольдері мен логиндері ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық трансұлттық Yahoo! ғаламтор-алыбы пайдаланушылардың электрондық пошталарының парольдері мен логиндерінің ұрланғанын хабарлады, деп жазады Associated Press.
Ұрланған мәліметтер Yahoo пошталық сервисінің пайдаланушыларының рұқсат етілмеген аккаунтына қосылу үшін пайдаланылған. «Хакерлер пайдаланушылардың есімдері мен сәйкес құпия сөздерін алған», - деп жазылған Yahoo!хабарламасында. Бірақ пайдаланушылардың қанша аккаунты қолды болғанын компания хабарламай отыр.