Yahoo компаниясынан 1 млрд қолданушының мәліметі ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Yahoo интернет компаниясынан 1 миллиард қолданушының жеке мәліметі ұрланған көрінеді, деп жазады «Хабар 24».
Компания өкілдерінің айтуынша, хакерлер шабуылы 2013 жылы жасалған. Белгісіз кибер қарақшылар Yahoo қолданушыларының аты-жөні мен туған күні, телефон нөмірі, электронды парақшалары мен кілт сөздерін ұрлаған. Дегенмен несие карталары мен банк есепшоттары қарақшылардың қолына түспеген.
Қыркүйек айында дәл осы компания 2014 жылы хакерлер шабуылынан 500 миллион адамның аккаунты ұрланды деп мәлімдеген болатын. Ол кезде Yahoo қарақшылық әрекеттің артында бүтін бір елдің үкіметі тұрғанын айтқан еді. Алайда қай мемлекет екенін атап айтпады. Ал мамандар бұл екі шабуылдың бір-біріне қатысы жоқ деп отыр.