Yahoo өзінің басыбайлы YouTube желісін шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Yahoo өзінің басыбайлы YouTube видеоқызметін жасап жатыр. Жаңа қызмет алдағы бірнеше айдың ішінде іске қосылады. Қазір компания Google сайтына тиесілі жетекші контент жасаушыларды өзіне тартып, оларды жаңа жобада ақшаны көп табатынына сендіруде, деп жазады Vesti.ru.

Yahoo өзінің басыбайлы YouTube желісін шығарады

Белгілі болғандай, Yahoo тасымалдаушыларға видеороликтерді кеңінен таратып, оның ішінде басқы бетке орнатып өнімдерін жарнамалауға мүмкіндік беретінін айтып отыр. Айтуларынша, Google-де мұндай мүмкіндік жоқ. Бұл жерде әңгіме YouTube желісін алмастыру туралы емес, әр минут сайын контентке жоғары сапалы әрі кәсіби бейнежазбаларды жүктеу арқылы Yahoo сервисінің танымалдылығын арттыру туралы болып отыр.

YouTube-тің баламалы түрін шығару идеясын Google компаниясында 13 жыл жұмыс істеп, 2012 жылдан бері Yahoo компаниясын басқарып отырған Марисса Майер ұсынды. Бұған дейін ол Dailymotion видеосервисін сатып алмақ болған, алайда келісім Франция билігі араласқаннан кейін болмай қалған еді. Сондай-ақ аталмыш компания авминикалық Hulu онлайн-кинотеатрын сатып алмақ деген сыбыс тараған болатын. Осы орайда, Yahoo компаниясының табысы көп еместігін айта кеткен жөн. Себебі 2013 жылы интернет-концерннің таза табысы 1,37 млрд. долларды құрап, 2012 жылға қарағанда түсімнің 65 пайызға аз болғанын көрсетті.